Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 37-бап. Атқарушылық құжатты iс жүргiзуге қабылдау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

37-бап. Атқарушылық құжатты iс жүргiзуге қабылдау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

37-бап. Атқарушылық құжатты iс жүргiзуге қабылдау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы 

      1. Сот орындаушысы, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өндіріп алушының арызы бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғайды. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 246-VIII ҚРЗ 

      2. Арызға өндіріп алушы не оның өкілі қол қояды. Өкіл оның өкілеттігін куәландыратын сенімхатты немесе өзге де құжатты арызға қоса береді. Арызда атқарушылық құжаттағы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкер үшін осы Заңда көзделген шектеулерді белгілеу туралы өтініш болуы мүмкін. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 246-VIII ҚРЗ 

      3. Атқарушылық құжатты өзіне сот, басқа орган (лауазымды адам) жіберген жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды. 

Жеке сот орындаушысы осы Заңның 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы өзіне жіберілген атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғайды.

      4. Сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, ол туралы қаулы шығарады. 

      Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған кезде өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады, өндіріп алушының осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. 

      Мемлекеттің кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар және істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша атқарушылық іс жүргізуді жеке сот орындаушысы келісім (шарт) жасаспай қозғайды. 

      Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жолымен борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, олар анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді. 

      5. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін борышкердің өндіріп алушы алдындағы міндеттерін кез келген орындауы сот орындаушысын міндетті түрде хабардар ете отырып жүргізілуге тиіс. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы