Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы  

      1. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарына өтініш беру арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанындағы аттестаттаудан өтеді. 

      2. Мыналар: 

      1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар; 

      2) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады. 

      3. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудың негізгі міндеті адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету болып табылады. 

      4. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау мен байқау түрінде аттестаттаудың тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды. 

      5. Егер адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады. 

      Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органы адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамның аттестаттаудан өту қорытындысы бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамды аттестаттау не аттестаттамау туралы уәжді шешім шығарады. 

      Аттестаттау не аттестаттамау туралы уәжді шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

      7. Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау туралы шешім шығарылған кезден бастап үш жыл ішінде жарамды болады. 

      8. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі. 

      Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатында байқау түрінде аттестаттаудан өтуге құқылы. 

      9. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға қайта өтініш берген кезде аттестаттаудан өтуге міндетті.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы