Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Азаматтық қорғау туралы Заңы

39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Азаматтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Азаматтық қорғау туралы Заңы 

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған.

      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау:

      1) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына;

      2) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына;

      3) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың салдарларын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігіне;

      4) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына;

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды орындауға әзірлігіне;

      6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға жүзеге асырылады.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру және тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

      1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;

      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;

      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;

      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;

      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы;

      7) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі және тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз пайдаланылуын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамы жатады.

      4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін жағдайларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы бапта көзделген тәртіппен дара кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу түріндегі жедел ден қою шараларын қолданады.

      5. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.

      Аварияны тергеп-тексеру жүргізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар бұзылған жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.

      6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт ресімдейді және қауіпті өндірістік объектіні және (немесе) техникалық құрылғыны пломбалауды жүргізеді.

      7. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкерге, ұйымға табыс етіледі.

      8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған актінің қабылданбағаны туралы тиісті жазба енгізіледі. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкердің, ұйымның заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.

      9. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.

      10. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.

      11. Қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкер, ұйым жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.

      12. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің қолданысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.

      13. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы баптың 6 және 10-тармақтарына сәйкес актілер шығарады.

      14. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкер, ұйым бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      15. Қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкер, ұйым жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.

      Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.

      Шағымды беру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      16. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға:

      1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

      2) жедел ден қою шараларының осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.

      17. Жедел ден қою шараларының қолданылуы туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ. 

      Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы