Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 398-бап. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында барлау және өндіру кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

398-бап. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында барлау және өндіру кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

398-бап. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында барлау және өндіру кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

    1. Ұңғымаларды бұрғылау теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған сынақтан өткен озық қағидаттар мен әдістер негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

      2. Келісімшарт аумағы шегінде теңіз бұрғылау платформаларын орналастыруға арналған орындар балық аулау кәсіпшілігі, балықтардың бағалы түрлерін және су кәсіпшілігінің басқа да объектілерін сақтау және олардың өсімін молайту үшін перспективалық маңызы бар теңіз аудандарының қоршаған ортасын барынша сақтау мүмкіндігі ескеріле отырып таңдалуға тиіс.

      3. Кеме қатынасы үшін қолжетімді акваторийде мұз жабыны болған кезде бұрғылау баржасынан немесе платформасынан бұрғылау жұмыстарын жүргізу көмірсутектердің ықтимал төгілуін оқшаулау үшін қажетті жабдықтары бар мұзжарғыш типтегі корабльдің ұдайы болуымен жүзеге асырылуға тиіс. Осы тармақта көрсетілген талап жасанды аралдарда ұңғымаларды бұрғылауға қолданылмайды.

      4. Теңізде мұз қатқан қиын жағдайларда болжамды экстремалдық қысымы бар және құрамындағы күкіртсутегі өте жоғары болатын қалың тұз астындағы өнімді белдеуді ашуға және ұңғымаларды сынауға тыйым салынады.

      5. Теңізде көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұңғымалар сағаларында байқау және өлшеу арқылы өндірістік процеске мониторинг жүргізуге міндетті.

      6. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы авариялық төгілудің алдын алу, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге тиіс.

      7. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуі туындаған кезде жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде оны жоюдың оңтайлы әдістері қолданылуға тиіс.

      Жиынтық экологиялық пайданы талдау адамдардың денсаулығын барынша сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған, мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін іріктеу тәсілін білдіреді.

      Мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін іріктеу адамдардың денсаулығын барынша сақтау және қоршаған ортаны қорғау үшін жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде жүргізіледі.

      Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, балық шаруашылығы, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу тек қана:

      1) елді мекеннен қашықтығы бес километрден кем болған кезде мұнай дағын жағу;

      2) жағуға жататын мұнай дағын оқшаулау мақсатында хердерлерді қолдану;

      3) су тереңдігі он метрден кем және жағалауға дейінгі қашықтық 1 километрден кем болған кезде диспергенттерді қолдану үшін талап етіледі.

      Өзге жағдайларда мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін іріктеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Диспергенттерді, хердерлерді кез келген қолдану немесе мұнай дағын жағу туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабар беру қажет.

      Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) жиынтық экологиялық пайданы алдын ала және жедел талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келіседі;

      2) жиынтық экологиялық пайдаға талдау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      3) жиынтық экологиялық пайданы талдау мәселелері және теңізде мұнайдың төгілуін жою әдістері бойынша ұсынылатын ең үздік халықаралық практикалар тізбесін бекітеді.

      9. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, балық шаруашылығы, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде теңізде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидаларында белгіленген жағдайларда мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келіседі.

      10. Теңізде мұнайдың авариялық төгілуін жою кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген диспергенттер мен хердерлер қолданылады.

      Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесін, теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне диспергенттер мен хердерлерді енгізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Диспергенттер – беткі-активті заттар мен еріткіштердің қоспасы, олар мұнай дағының табиғи процестердің әсер етуінен бұзылғанға дейін судың қабатында қала отырып, онымен барынша тиімді араласа алатын ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік береді.

      Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне енгізу үшін хердерлерді айқындау әдістемесін бекітеді.

      11. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық карталарын (бұдан әрі – экологиялық сезімталдық карталары) әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді және ол жинау, сақтау, өңдеу (есепке алу және жүйелеу), талдау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

      Экологиялық сезімталдық картасы экологиялық құндылығы жоғары әлеуметтік-экономикалық объектілердің, қоршаған орта объектілерінің орналасуын және теңізде мұнайдың төгілуін жою кезінде қорғау мен тазартудың басымдылығын айқындау үшін маусымдылықты ескере отырып, олардың сезімталдық индексін айқындайды.

      Экологиялық сезімталдық картасы бағдарламалық қамтылыммен қалыптастырылады, жылына бір реттен кем емес кезеңділікпен толықтырылып және жаңартылып отырады.

      12. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индексін айқындау бойынша шешімдер қабылдау қағидаларын;

      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, балық шаруашылығы, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индекстері бар экологиялық сезімталдық картасын;

      3) теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу әдіснамасын бекітеді.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы