Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе Нотариат туралы Заңы

4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе Нотариат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе Нотариат туралы Заңы 

      1. Нотариаттық қызмет туралы мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау процестерін автоматтандыруға және цифрлық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған цифрлық жүйе бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе болып табылады. 

1-1. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде атқарушылық жазба жасауға арналған өтінішті нотариустарға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бөледі.

      2. Жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге енгізіледі. 

      3. Нотариаттық әрекеттер жасау туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер нотариаттық цифрлық архивте орналастырылуға тиіс. 

      4. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге қол жетімділік нотариустардан бөлек, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілеттік берілген адамдарға беріледі. 

      Нотариустар және бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеде қамтылған мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген басқа да адамдар және қолдап отыру мен жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға осындай жүйеде қамтылған мәліметтерді ашпауға және таратпауға міндетті.

4-1. Осы Заңда белгіленген жағдайларда аумақтық әділет органы және нотариаттық палата нотариаттық цифрлық архивке қолжетімділікті Қағидаларда көзделген тәртіппен басқа нотариусқа береді. 

      5. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеде қамтылған мәліметтерді қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      6. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені пайдалану қағидаларын уәкілетті орган цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 

      7. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе Республикалық нотариаттық палатаның, нотариаттық палаталар мен уәкілетті органның ақпаратты жинауы мен талдауы үшін қолданылуы мүмкін. 

      8. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Республикалық нотариаттық палатаға сенімгерлік басқаруға беріледі. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ 

 

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы