4-1-бап. Цифрлық активтер саласындағы реттеудің ерекше режимі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
1. Цифрлық активтер ұғымы және олардың түрлері, сондай-ақ Орталықта цифрлық активтерді шығару (цифрлық майнингті қоспағанда), орналастыру, айналысқа жіберу, сақтау тәртібі мен шарттары Орталық актілерінде айқындалады.
2. Цифрлық активтер биржаларына қойылатын талаптар және оларды Орталықта лицензиялау тәртібі Орталық актілерінде айқындалады.
3. Цифрлық активтер биржалары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алуға;
2) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығын және цифрлық активтер биржасына қызметтер көрсететін ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығын өз бетінше анықталған ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғалары туралы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде құлақтандыруға;
3) ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларын басқару жөніндегі саясатты және олардың қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарын әзірлеуге және іске асыруға;
4) цифрлық активтер биржаларына Орталықтың актілерінде көзделген өзге де талаптарды сақтауға тиіс.
4. Цифрлық активтер биржалары тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, иеленуге және олармен операциялар жасауға байланысты тәуекелдер туралы хабардар етуге міндетті.
5. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер биржасының және (немесе) цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар Орталық қатысушысының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Орталық актісінде айқындалады.
6. Цифрлық активтер биржалары есептілігінің тізбесі, оны ұсыну мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталық актісінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы