4-2-бап. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының негізгі міндеттері, жұмыс істеу қағидаттары және құрауыштары Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
1. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының негізгі міндеттері:
1) ұлттық төлем жүйесі арқылы банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын, мобильді төлемдерді, цифрлық теңге пайдаланыла отырып жасалатын операцияларды жүргізу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
2) қаржы және төлем ұйымдарының клиенттерін биометриялық аутентификациялауды жүргізу;
3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша және өзге де төлем транзакцияларына қатысушылар арасында деректер алмасу арқылы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасауға жәрдемдесу;
4) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының аумағында өңдеу;
5) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арасында ашық бағдарламалық интерфейстер бойынша ақпарат алмасу үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету;
6) қаржы нарығы мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығына қатысушы клиенттердің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілерге деректерді беруіне келісімдерін жинау, сақтау және өңдеу.
2. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы мынадай қағидаттармен жұмыс істейді:
1) қатысушылардың ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарына тең және ашық түрде қол жеткізуі;
2) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
4) қаржы нарығы мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығында инновацияларды дамытуға және бәсекелестікті ынталандыруға жәрдемдесу.
3. Мыналар ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштары болып табылады:
1) ұлттық төлем жүйесі;
2) ашық банкинг жүйесі;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы;
4) Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы;
5) цифрлық теңге платформасы;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын өзге де құрауыштар.
4. Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының жұмыс істеу және қызметтер көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электрондық банк қызметтерін көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
5. Электрондық банктік көрсетілетін қызметтерді мобильді қосымшалар және (немесе) қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы ұсынатын екінші деңгейдегі банктер банкаралық мобильді төлемдер және ақша аударымдары, цифрлық теңге пайдаланыла отырып жасалатын операциялар, клиенттерді қашықтан биометриялық аутентификациялау, көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілердің төлем қызметтерін көрсетуіне клиенттердің келісімдерін өңдеу бойынша клиенттерге қызметтер көрсету үшін ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарын пайдалануға міндетті.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы