4-4-бап. Ұлттық төлем жүйесі Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
1. Ұлттық төлем жүйесі ақша аударымдарының банкаралық жүйесінен, банкаралық клиринг жүйесінен және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болып табылатын басқа да төлем жүйелерінен тұрады.
2. Ұлттық төлем жүйесі:
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатының операциялары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуді жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақшаны пайдалана отырып, қаржы ұйымдары арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін төлем жүйелерінің қағидаларында айқындалған осы төлем жүйелеріндегі клирингтің нәтижелері бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының резиденттері екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, өңдеу мен клирингті қоса алғанда, банкаралық төлем карточкалары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағында банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;
5) банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қатысушылардың клиенттері арасында лездік мобильді төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға бағытталған.
3. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің ұлттық төлем жүйесіне қатысу шарттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы