4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң стандарттары Аудиторлық қызмет туралы Заңы
1. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi мыналар:
тәуелсiздiк;
объективтiлiк;
кәсiби құзыреттiлiк;
құпиялылық;
адалдық;
ұйымдардың стандарттарын сақтау.
2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит стандарттарын Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы мүмкін.
Осы Заңның 5-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және он бірінші абзацтарында көрсетілген ұйымдарға аудит жүргізу кезінде аудиторлық ұйым қаржылық есептілікте қамтылған ақпараттың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
3. Салықтар бойынша аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
4. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Өзге ақпарат аудиті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы