4-бап. Экологиялық дағдарыс аймағы Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңы
1. Экологиялық дағдарыс аймағы шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері мыналар:
халықтың ерекше ауруларының тұрақты өсуі;
айналадағы табиғи ортада ластаушы заттар шоғырлануының жол берілетін шекті нормативтерден халық денсаулығына қауіп төндіретін мөлшерде асып кетуі;
экологиялық жүйелердің түр-тұқым құрамының азаюы мен құрылымдық тұтастығының бұзылуы, экологиялық жүйелердің биологиялық өнімділігінің 75 процентке төмендеп кетуі;
су объектілерінің орташа көп жылдық ауытқудан асып түсетін мөлшерде дағдарысты жағдайда тайыздауы.
2. Экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысы аудандарының (3-бапта көрсетілгендерінен басқа) аумақтары, Қызылорда қаласы және әкімшілік-аумақтық бағынысына кіретін елді мекендерді қоса алғанда, Байқоңыр қаласы кіреді.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Заңы.
Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса өткір сипат алып отыр. Осыны негізге ала отырып, "Арал өңірінде тұратын халықтың өмір сүру жағдайын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп жарияланған болатын.
Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның құлдырауының қалпына келмейтіндей тұрақты процесі, тіршілік жағдайының нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы