4-бап. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңы
1. Көрсетілетін қызметті алушылардың:
1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;
2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету тәртібін айқындайтын және көрсетілетін қызметті беруші бекіткен қағидаларға сәйкес әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға;
3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
3-1) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға;
4-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "бір өтініш" қағидаты бойынша алуға;
5) осы Заңның 15-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылауларға қатысуға;
6) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге;
7) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдалануға құқығы бар.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.
Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы