4-бап. Лизинг нысанасы Қаржы лизингі туралы Заңы
1. Ғимараттар, құрылысжайлар, машиналар, жабдық, мүкәммал, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.
2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
3. Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.
4. Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг беруші басқа лизинг алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.
Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.
5. Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес көлік құралының типін мақұлдау негізінде айналымға шығарылатын, оның ішінде бұрын жасалған лизинг шарттары бойынша лизинг нысанасы болып саналатын M1, N1 санатындағы автокөлік құралдары ғана жеке тұлғалармен жасалатын лизинг шарттары бойынша лизинг нысанасы бола алады. Көлік құралының типін мақұлдау туралы мәліметтер көлік құралының электрондық паспортында және мүдделі тұлға алатын, жеке тұлғаға лизингке беруге болжанатын көлік құралының электрондық паспортынан үзінді көшірмеде міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78 Заңы.
Осы Заң қаржы лизингi процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және лизинг қызметi негiзiнде инвестициялар тартуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы