⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Масс-медиа қызметінің негізгі мақсаттары, қағидаттары және міндеттері Масс-медиа туралы Заңы

4-бап. Масс-медиа қызметінің негізгі мақсаттары, қағидаттары және міндеттері Масс-медиа туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Масс-медиа қызметінің негізгі мақсаттары, қағидаттары және міндеттері Масс-медиа туралы Заңы 

      1. Сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамды ақпараттандыру масс-медиа қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. 

      2. Масс-медиа қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 

      1) таратылатын ақпараттың заңдылығы мен анықтығы; 

       2) объективтілік және ашықтық;  

      3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі; 

      4) адал бәсекелестік; 

      5) жеке өмірге қол сұғылмаушылық; 

      6) кәсіби және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау. 

      3. Масс-медиа қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 

       1) объективті және анық ақпаратты әзірлеу және тарату;  

      2) тұлғаны, қоғамды және мемлекетті дамытуға бағытталған сапалы отандық контентті жасау; 

      3) масс-медиа саласында жаңа технологияларды енгізуге жәрдемдесу; 

      4) өзін-өзі реттеуге ауысу. 

 

      Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы