4-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы негізгі мақсат, міндеттер мен қағидаттар Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы
1. Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды біртұтас статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде мемлекеттегі заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы негізгі мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:
1) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми құқықтық статистикалық ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру;
2) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру мен дамыту;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер.
2. Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу:
1) мемлекеттік цифрлық құқықтық статистикалық жүйенің басқарудың бiртұтастығы;
2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығы, объективтілiгi, жеткiлiктiлiгi, тұрлаулылығы және салыстырымдылығы;
3) құқықтық статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектерде қолжетiмдiлiгi және ашықтығы;
4) адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң мүлтiксiз сақталуы принциптерiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510 Заңы.
Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы