Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы 

      1. Осы Заңның негізгі мақсаты эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) ақшасын және (немесе) өзге де активтерін инвестициялау және кейіннен инвестициялық кірісті пайдалану арқылы қаржылық қолдау болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері:

      1) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін тұрақты қаржылық қолдау үшін қосымша қаражат тарту;

      2) инвестициялық декларацияға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін инвестициялау;

      3) пайда алушыларға қайырымдылық көмек көрсету;

      4) нысаналы капитал қоры қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, салымшылардың заңды мүдделерін қорғау, азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, оның ішінде осы Заңда белгіленген мақсаттар мен міндеттер шегінде нысаналы капитал қорының қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы арттыру болып табылады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 маусымдағы № 199-VIII ҚРЗ 

Осы Заң нысаналы капитал қорларын құру, басқару және тарату, эндаумент-қорларды (нысаналы капиталдарды) қалыптастыру, толықтыру, таратып жіберу және олардың инвестициялық кірістерін пайдалану, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін сенімгерлік басқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы