4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Iшкi су көлiгi туралы Заңы
1. Осы Заңның негізгі мақсаты – кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу;
2) ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
3) порттар мен айлақтарға, ішкі су жолдары мен кеме қатынайтын гидротехникалық құрылысжайларға (шлюздерге) қатысты мәселелер бойынша қоғамдық қатынастарды реттеу;
4) барлық мемлекеттік органның өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді көздейтін ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) кеме қатынасы қауіпсіздігінің, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты қорғаудың және экологиялық қауіпсіздіктің басымдығы;
2) ішкі су көлігінде жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі;
3) көрсетілетін қызметтерді тұтынушының тасымалдаушыны таңдау еркіндігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге баға еркіндігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы.
Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы