4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы
Осы Заң:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға;
2) Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияға;
3) егер әуе кемесі баратын елдің заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелеріне;.
4) егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық міндеттемелерінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелеріне қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы