4-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.
"Қазақстанның Даму Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiн білдіреді және екінші деңгейдегі банктер болып табылады. Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары да Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейінің құрамына кіреді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мақсаты, мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің өзінің құзыреті шегінде банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу, бақылау және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұруға, банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың депозиторларының, өзге де кредиторларының және клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған.
3. Уәкiлеттi органның не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға:
1) негізгі немесе қосымша қызмет ретінде банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы емес.
Мемлекеттік орган, Ұлттық пошта операторы, Қазақстанның Даму Банкі, халықаралық қаржы ұйымдары, сондай-ақ осы Заңда және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бекітілген өкілеттіктері шегінде өзге тұлғалар жүзеге асыратын банк операцияларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары маңызсыз болып табылады;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстанның Даму Банкін, халықаралық қаржы ұйымдарын және банктердің өкілдіктерін қоспағанда, өзінің атауында, құжаттарда, хабарландыруларда және (немесе) жарнамада "банк" деген сөзді немесе одан туындайтын ол банк операцияларын жүзеге асыратындай әсер қалдыратын сөзді (ұғымды) пайдалануға құқылы емес.
4. Қазақстан Республикасында ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкін қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.
Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі – осы Заңда және "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын ерекше құқықтық мәртебесі бар екінші деңгейдегі банк.
5. Қазақстан Республикасында бүркеме-банктерді құруға немесе олардың қызметіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Жаңа қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы Заңымен.
4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы