⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы Заңы

4-бап. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы Заңы 

      Сатып алу: 

      1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау; 

       2) өнім берушілердің коммерциялық құпияға құқықтарын және (немесе) заңды мүдделерін сақтай отырып (тендер қорытындылары шығарылғанға дейін) сатып алу процесінің ашықтығы мен бүкпесіздігі;  

      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу; 

       4) сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;  

      5) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу; 

      6) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтіндей шамада қолдау көрсету; 

      7) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 

      8) осы Заңда көзделген жағдайлардан басқа, әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; 

      9) сатып алынатын тауарлардағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау қағидаттарына негізделеді. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы