Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 40-1-бап. Цифрлық қаржы активтерін шығару Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

40-1-бап. Цифрлық қаржы активтерін шығару Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  40-1-бап. Цифрлық қаржы активтерін шығару Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы 

      Цифрлық қаржы активтерін шығаруды оның эмитенті "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында жүзеге асырады. 

      40-2-бап. Цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді  тіркеу және олар бойынша құқықтарды растау 

      1. Цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелер, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің міндеттемелері бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру: 

      цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде осындай цифрлық платформада шығарылған цифрлық қаржы активтеріне қатысты тіркелуге; 

      орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде көрсетілуге тиіс. 

      2. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық активтерді ұстаушыларды есепке алу жүйесінен және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен цифрлық қаржы активін ұстаушыға қатысты мәліметтерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған мәліметтер басым болады. 

      3. Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде көрсету тәртібі, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктері, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен тәртібі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы. 

          Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.  

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы