Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 41-3-бап. Цифрлық теңгені шығару, өтеу, толықтыру және цифрлық   шоттан шығарып алу Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

41-3-бап. Цифрлық теңгені шығару, өтеу, толықтыру және цифрлық   шоттан шығарып алу Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

         41-3-бап. Цифрлық теңгені шығару, өтеу, толықтыру және цифрлық   шоттан шығарып алу Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы 

 

      1. Тек Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ғана цифрлық теңгенi шығаруға және өтеуге құқылы. 

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi цифрлық шот иесiнен алынған ақшаның орнына цифрлық теңге шығаруды жүзеге асырады. 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi цифрлық теңгенi өтеудi цифрлық шот иесiнiң банктiк шотына баламалы ақша сомасын аудару арқылы жүргізеді. 

      3. Цифрлық теңге иесiнiң құқықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бекіткен цифрлық теңгенi шығару, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, цифрлық шотқа цифрлық теңге түскен кезден бастап туындайды. 

      4. Цифрлық шоттың иесі оның цифрлық шотына қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушы арқылы цифрлық шотты цифрлық теңгемен толықтыруға немесе цифрлық теңгені цифрлық шоттан шығарып алуға құқылы. 

      Цифрлық шотқа қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушы арқылы цифрлық шотты цифрлық теңгемен толықтыру және оны цифрлық шоттан шығарып алудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларында айқындалады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы