43-бап. Уәкілетті органның құзыреті Сақтандыру қызметі туралы Заңы
Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың және сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
2) сақтандыру нарығын реттеу қағидаттары мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат бередi;
4) осы Заңның талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім беру және оны кері қайтарып алу тәртібін айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне ірі қатысушы мәртебесін иеленуге рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергенде) акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға келісім береді;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымын құруға, сақтандыру холдингіне заңды тұлғалардың жарғылық капиталына елеулі қатысуға рұқсат береді;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру топтары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
8) осы Заңның талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру нарығында актуарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беру тәртібін айқындайды және оны береді;
9) сақтандыру портфелін беру тәртібін айқындайды;
10) жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерлерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру тобы үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
11) сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілейді, олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
12) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды;
12-1) сақтандыру омбудсманын сайлау және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
13) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларының қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
14) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, шығыстардың, оның ішінде әкімшілік шығыстардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының ұлғаюын шектеуге құқылы;
15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру брокерлерiнің басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келісім бередi;
16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттілігін талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (сақтандыру полистерiн) және қайта сақтандыру шарттарын есепке алу тәртібін белгiлейдi;
18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қояды;
18-1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды;
18-2) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібін айқындайды;
18-3) сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібін, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысанын және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерді айқындайды;
19) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, шығындар коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;
20) сатып алу сомасын есептеу тәртібін белгілейді;
20-1) жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарын айқындайды;
21) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерiнiң филиалдары мен өкілдіктерінің, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 21) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізеді; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 21-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
23) мыналарға:
ақпараттық процеске;
қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа ең төмен талаптарды белгілеуге;
дерекқордың сақталуына;
үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;
24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілейді;
25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді;
26) қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды;
27) осы Заңның 1-1-бабында және 41-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
28) сақтандыру қызметi субъектiлерiне, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру қызметі субъектілері мен сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сондай-ақ сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру топтарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына тексеру жүргізеді;
29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
30) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушыларға, санкциялар қолданады;
31) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушыларға берiлген лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру және лицензиялардан айыру туралы шешiмдер қабылдайды;
32) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;
33) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша тоқтату туралы талап арызбен сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдайды;
34) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар және оның құрылтайшылары туралы мәлiметтер алуға құқылы;
35) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардан және олардың бірлестіктерінен, сақтандыру агенттерінен осы Заңға сәйкес өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға құқылы;
36) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өздерiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi алуға құқылы;
37) сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;
38) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
39) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібін айқындайды;
40) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, олардың басшы қызметкерлеріне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға орындалуы міндетті қадағалап ден қою шарасын қолдануға құқылы;
41) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
42) Қазақстан Республикасы қаржы нарығының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
43) сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
44) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін айқындайды;
45) тәуелсіз актуарийлердің актуарлық есеп-қисаптарды тағайындау шарттарын және оларды жүргізу тәртібін белгілейді;
46) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері анық емес (толық емес) есептілік ұсынған жағдайда, олардың қаржылық және өзге есептілікті түзетуін талап етуге құқылы;
46-1) жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарды айқындайды;
46-2) міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекітеді;
46-3) сақтандыру омбудсманы лауазымына сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі сайлауға ұсынған, осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сай келетін кемінде үш кандидаттың арасынан сайлайды;
46-4) өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының және (немесе) сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзған жағдайда сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы