45-бап. Құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың атқаратын қызметтерi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы
Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң атынан әрi олардан алынған өкiлеттiк негiзiнде мынадай қызметтердi атқаруға:
1) мұндай ұйым басқарып отырған құқықтарды пайдалануға пайдаланушылармен жазбаша түрде не цифрлық құжат нысанында лицензиялық шарттар жасасуға;
2) сыйақы мөлшерiн және лицензиялық шарттар жасалған басқа да жағдайларды пайдаланушылармен келiсуге;
3) бұл ұйым лицензиялық шартын жасаспай, осындай сыйақы жинаумен шұғылданатын жағдайларда сыйақы мөлшерiн пайдаланушылармен келiсуге (осы Заңның 26-бабы және 39-бабының 2-тармағы);
4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, лицензиялық шартта көзделген сыйақыны және (немесе) осы баптың 3) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауға;
5) осы баптың 4) тармақшасына сәйкес жиналған сыйақыны өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiне бөлуге және төлеуге;
6) осындай ұйым басқаратын құқықтарды қорғауға қажеттi кез-келген заңды әрекеттердi жасауға тиiс.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы