Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 46-бап. Тозған, күмәнді банкноттар және ақаулы (бүлiнген), күмәнді монеталар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

46-бап. Тозған, күмәнді банкноттар және ақаулы (бүлiнген), күмәнді монеталар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

46-бап. Тозған, күмәнді банкноттар және ақаулы (бүлiнген), күмәнді монеталар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!      46-баптың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Тозған, Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген банкноттар көлемінің кемінде жетпіс пайызы сақталған банкноттарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес шектеусіз айырбастайды.

      Елу пайызынан астамы сақталған күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес қабылдайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      46-баптың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Ұлттық Банкі күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды олардың төлемділігі айқындалғаннан кейін Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісінде көзделген тәртіппен айырбастайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы