Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 498-1-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

498-1-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

498-1-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер: 

      1) қабылданған сот актілері мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қозғайтын не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкелуі мүмкін болса; 

      2) адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатса; 

      3) қабылданған сот актілері соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін. 

      2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасы бойынша да, қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылық енгізуге құқылы. 

Наразылықтар келтіру туралы өтінішхаттарды қарау осы Кодекстің 486 – 489-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      3. Заңды күшіне енген сот актілерін сотталған адамның кінәсіздігі уәждері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына орай неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттілігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін өзге де негіздер бойынша қайта қарау қажеттілігі туралы қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхат, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылық беру мерзімдері шектелмеген. 

      Заңды күшіне енген сот актілерін жазаның жеңілдігіне орай неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттілігі уәждері бойынша немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға алып келетін өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын қайта қарау қажеттілігі туралы қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхат, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылық беруіне кассациялық қараудан кейін алты ай ішінде жол беріледі. 

      Аталған мерзімді қалпына келтіруге жол берілмейді. 

      Егер қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына алты ай өткенге дейін келіп түссе, олар дау айтылып отырған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап алты ай өткеннен кейін де сотталған адамның, ақталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдана отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қаралуға жатады. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы