Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-1-бап. Ішкі су көлігін беру міндеті Iшкi су көлiгi туралы Заңы

5-1-бап. Ішкі су көлігін беру міндеті Iшкi су көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 5-1-бап. Ішкі су көлігін беру міндеті Iшкi су көлiгi туралы Заңы 

      Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін ішкі су көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті. 

      Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда кеме иесіне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. 

 Жеке және заңды тұлғалардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін ішкі су көлігін (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) беруі, сондай-ақ ішкі су көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеуі, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. 

         Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы