Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 5-1-бап. Орталықтың инвестициялық резиденті "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

5-1-бап. Орталықтың инвестициялық резиденті "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-1-бап. Орталықтың инвестициялық резиденті "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 

      1. Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияны жүзеге асырған, сондай-ақ мынадай шарттарға сай келетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Орталықтың инвестициялық резиденті болып табылады:

      Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін алғаш өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды;

      Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайды.

      2. Инвестициялар тартуға бағытталған, инвестициялау көлемі мен құралдарын белгілейтін Орталық актісі Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы болып табылады. Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарымен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша қабылданады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы