⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-2-бап. Жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы Заңы

5-2-бап. Жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-2-бап. Жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы Заңы 

      1. Жәрдемақы төлеу: 

      1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады; 

       2) жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде алушы болып табылатын хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестіруді жүргізу туралы растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте жәрдемақы төлеу хабар-ошарсыз кеткен адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап қайта басталады, бірақ тоқтатыла тұру күнінен ерте емес.  

      2. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады. 

      3. Жәрдемақы төлеу: 

      1) алушының қайтыс болуы туралы; 

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу немесе шығу фактісінің анықталуы туралы; 

      3) шығу елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісіне сұрау салудың келіп түсуі туралы; 

      4) алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтінішінің келіп түскені туралы; 

      5) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісін анықтау, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықтау туралы; 

      6) өтініш берушінің негізсіз жәрдемақы тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісін анықтау туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады." 

 

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 414-I Заңы. 

       Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы