Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 5-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi мен функциялары Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

5-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi мен функциялары Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi мен функциялары Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы  

       1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi:  

       1) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;  

       2) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған жағдайда кепiлдiк берiлген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.  

       2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн мынадай функцияларды орындайды:  

       1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепiлдiк берiлген өтемдi төлейдi;  

       2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;  

2-1) осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайда банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысады;

      3) активтерді инвестициялайды; 

      4) арнайы резерв қалыптастырады; 

      5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен банк-агенттерге қойылатын талаптарды белгілейді; 

      5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекітеді; 

 6) қатысушы банкке қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін, реттеу режимін қолдану кезеңінде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады; 

      7) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады; 

      8) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады; 

      9) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) кредиторлар комитетінің құрамына қатысады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы. 

      Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы