5-бап. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңы
1. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері мыналар:
халықтың экологиялық дағдарыс жағдайына себепті байланысы бар ауруларының тұрақты өсуі;
айналадағы табиғи ортада ластауыш заттар шоғырлануының жол берілетін шекті нормативтерден тұрақты асып кетуі;
экологиялық жүйелердің сан жағынан алғанда түр-тұқымы құрамының азаюы және олардың биологиялық өнімділігінің кемінде 50 процент төмендеп кетуі;
су объектілерінің орташа көп жылдық ауытқудан асып түсетін мөлшерде тайыздауы.
2. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар (бұрынғы Мұғалжар ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде), Темiр аудандарының; Түркiстан облысының Арыс (оның iшiнде Арыс қаласы), Отырар, Созақ, Шардара аудандарының, Түркістан қаласының, Кентау қаласының (оның ішінде Бүргем) және оған іргелес жатқан елді мекендер – Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдарының (оның ішінде Күшата және Шаштөбе елді мекендерінің), Сауран ауданының Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің, сондай-ақ Ұлытау облысы Ұлытау ауданының (бұрынғы Жезқазған облысының Жездi ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде) аумақтары кiредi.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Заңы.
Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса өткір сипат алып отыр. Осыны негізге ала отырып, "Арал өңірінде тұратын халықтың өмір сүру жағдайын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп жарияланған болатын.
Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның құлдырауының қалпына келмейтіндей тұрақты процесі, тіршілік жағдайының нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы