5-бап. Индустриялық даму Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы
1. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға ықпал ететін өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін жүйелі түрде ынталандыруға негізделген елдің индустриялық дамуын қамтамасыз етеді.
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсіптің жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) енгізеді.
Ұлттық баяндаманы индустриялық дамуды бағалау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады.
Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға Ұлттық баяндамаға енгізу үшін ақпарат ұсынады.
Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалатын өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады, оларды әзірлеуді мемлекеттік органдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының, кәсіпкерлік субъектілері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.
Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы