5-бап. Орталық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері және валюталық реттеу "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
1. Орталық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері шартта көзделген валютамен көрсетіледі және орындалады.
2. Қор биржасының сауда-саттығына қатысушылардың ақшалай міндеттемелері қор биржасының қағидаларында айқындалатын валюталармен көрсетіледі және орындалады.
3. Орталықтың аумағында қаржылық және кәсіби қызметтерді көрсетуге байланысты валюталық операцияларды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталықтың актілерінде белгіленеді.
4. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, капитал қозғалысы операциялары солардың негізінде және (немесе) орындалуы үшін жүргізілетін валюталық шарттарды есептік тіркеу, шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беру талаптары, сондай-ақ жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету жөніндегі талаптар Орталық қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды.
Мәліметтер тізбесіне және Орталық қатысушыларының тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың оларды ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталық актілерінде айқындалады.
5. Орталықтың актілерінде Орталықтың қатысушыларына жүргізілетін операциялар туралы мәліметтер ұсыну бойынша қойылатын талаптар, сондай-ақ Орталықтың органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы