⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреті Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреті Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреті Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында: 

       1) ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың, сондай-ақ ғылым саласындағы ғылыми-технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;  

      2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылымның, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындайды; 

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясын (бұдан әрі – Жоғары ғылыми-техникалық комиссия) құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді; 

      4) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын құрады; 

      5) зерттеу университеті мәртебесін береді және оның даму бағдарламасын бекітеді; 

      6) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 

 

      Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы