5-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді лауазымынан босату Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты лауазымынан босатады.
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді атқарып отырған лауазымынан босату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамау;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
3) оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
4) қайтыс болу;
5) заңды күшіне енген сот шешімімен оны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау;
6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;
7) басқа лауазымға тағайындалу, сайлану немесе басқа жұмысқа ауысу;
8) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету;
9) өз тілегі бойынша лауазымнан босату туралы өтініш беру;
10) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің аяқталуы.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 154-VII ҚРЗ.
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы