51-2-бап. Макропруденциялық саясат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы
Ескерту. 51-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Макропруденциялық саясат деп қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар кешені түсініледі.
Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері деп бүкіл қаржы жүйесінің немесе оның бір бөлігінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына алып келетін және (немесе) оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржылық көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын бұзу тәуекелдері түсініледі. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тәуекелдері де жатады.
Жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдары деп тұрақты жұмыс істеуіне тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы байланысты болатын қаржы ұйымдары түсініледі.
Қазақстан Ұлттық Банкi макропруденциялық саясатты қалыптастыру мақсатында:
1) тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының жүйелік тәуекелдерін төмендету үшін экономикалық шектеулер болып табылатын макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілейді;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;
2-1) жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;
3) дербес өзі немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыреттері шегінде олармен бірлесіп Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды шығарады;
4) жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеу енгізеді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы