51-4-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимі цифрлық активтерге және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.
2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:
1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығында бәсекелестікті арттыруға;
2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді енгізуге және қаржы нарығын дамытуға;
3) көрсетілетін төлем қызметтері нарығын оңтайлы реттеуді, бақылауды және қадағалауды қалыптастыруға, тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Ерекше реттеу режимінің қағидаттары:
1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;
2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Ерекше реттеу режимі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда көрсетілетін төлем қызметінің түрлері және (немесе) цифрлық активтерге және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызмет, оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетудің (жүзеге асырудың) арнайы шарттары, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолдану тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің цифрлық активтеріне және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады
Қазақстанның Ұлттық Банкі енгізетін ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.
5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін ол өз қолданысын тоқтатады.
6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы