Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 52-бап. Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

52-бап. Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

52-бап. Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық және әділ қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен іс-қимылдар жиынтығын көздейтін қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларды сақтауға, оның ішінде: 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       1) тармақша 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 135-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен.  

       1) қаржы өнімдерін басқаруға;  

      2) банктік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты ашып көрсетуге; 

      3) банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасаудың барлық кезеңінде жосықсыз практикаларға жол бермеуге; 

      4) банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде банктің коммерциялық өкілдігін жүзеге асыратын тұлғалардың қызметі үшін жауапкершілікті қабылдауға; 

      5) банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарауға; 

      6) тиісті іс-шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы клиенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға қатысты сақтауға міндетті. 

      Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-4-тарауында белгіленеді. 

      2. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы өз қызметін банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалар, исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалар (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы үшін) (бұдан әрі – банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалар) болған кезде жүзеге асырады. 

      3. Банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды банктің директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы бекітеді. 

      4. Банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс. 

      Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар:  

      1) банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды қамтуға тиісті мәліметтер тізбесін; 

      2) банктік көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде ақпаратты ашып көрсету және клиенттерге консультация беру, оның ішінде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредит беруге) тыйым салған қызмет түрлері туралы ақпаратты клиенттерге ашып көрсету тәртібін; 

      3) жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шартын жасасу тәртібін, оның ішінде оның мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, банктік салым шартын және банктік шот шартын жасасу тәртібін; 

      4) жауапкершілікпен кредит беруді жүзеге асыру тәртібін; 

      5) банктік қызметтерді көрсету кезінде адал әрекет ету қағидаттарын; 

      6) жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілерін, сондай-ақ банктік қызметтерді көрсету кезінде оларды анықтау тәртібін; 

      7) төлемге қабілетсіз клиенттермен жұмыс істеу кезінде берешекті өндіріп алуға жауапты іскерлік практикаларды; 

      8) банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың банктік көрсетілетін қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын жолданымдарын қарау тәртібін; 

      9) клиенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қойылатын талаптарды; 

      10) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын беру және оған қызмет көрсету кезінде алынуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін; 

      11) жеке тұлғаға берілетін тұтынушылық банктік қарыздың мөлшерін белгілейді. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       4-тармақтың үшінші бөлігінің қолданысы 02.07.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде болатын редакцияны осы Заңның 135-бабы 3-тармағының 1) тармақшасынан қараңыз.  

      Тізбесі уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтерден басқа, банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларда клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы ережелер, оның ішінде: 

      мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі бойынша ұлттық стандарттың талаптары ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі; 

      сенім білдірілген адамның қатысуымен мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктері қамтылуға тиіс. 

      5. Банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалар ашық ақпарат болып табылады және коммерциялық құпияның немесе банк құпиясының нысанасы бола алмайды. 

      6. Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы болып табылатын банк жиынтығында мынадай шарттар сақталған кезде: 

      1) клиенттің цифрлық қолтаңба кілтін жасауға және электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын беруге келісімі болғанда; 

      2) клиент "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жұмыс істеуі көзделген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) арқылы биометриялық аутентификациялаудан өткенде;  

      3) бір реттік (біржолғы) сәйкестендіру коды арқылы сәйкестендірілгенде өз клиенттеріне олардың өтініші негізінде электрондық цифрлық қолтаңба жасайды және электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын береді. 

      Егер клиент бұрын банкке жеке өзі барған кезде немесе СДАО арқылы биометриялық аутентификация қолданылып сәйкестендірілмесе, онда банк клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын жасауды және электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын беруді клиент СДАО арқылы биометриялық аутентификациядан өткен кезде жүзеге асырады.  

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       6-тармақтың үшінші бөлігі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 135-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен.  

      Клиенттің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін жасауға және электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын, оның ішінде клиенттің банкте жеке өзі барған кезде алынған келісімі клиенттің бұрын берілген келісімдерді кері қайтарып алу мүмкіндігімен СДАО-да сақталады. 

      Банктер беретін электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін және оларға сертификаттарды беру, сақтау, кері қайтарып алу және олардың қолданылу мерзімін белгілеу ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады. 

      7. Банктік шот ашу арқылы іскерлік қарым-қатынасты қашықтық тәсілмен орнату кезінде клиенттерді биометриялық аутентификациялау СДАО арқылы жүзеге асырылады.  

      Банктік шоттарды ашу кезінде СДАО арқылы биометриялық аутентификациялау жүргізу тәртібін, сондай-ақ биометриялық аутентификациялау нәтижелерін сақтау мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.  

      СДАО арқылы биометриялық аутентификациялау клиенттің келісімі негізінде және ұлттық биометриялық аутентификациялау жүйесінің биометриялық деректері пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. 

      Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес клиенттің деректерін кезең-кезеңмен жаңартып отыруға міндетті. 

      8. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) тәуекелдерді бағалау мен басқару мақсатында қызметтер көрсету кезінде жасанды интеллектіні пайдалануға құқылы. 

      Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы жасанды интеллектіні пайдалана отырып қабылданған шешімдер үшін жауапты болады. 

      9. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.  

      10. Осы бапта белгіленген талаптар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы