Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 53-бап. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік есепке алу Құқықтық актілер туралы Заңы

53-бап. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік есепке алу Құқықтық актілер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

53-бап. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік есепке алу Құқықтық актілер туралы Заңы 

       1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.  

      2. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүзеге асырады. 

      3. Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін осы Заңның 35-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған нормативтік құқықтық актілердің көшірмелерін оларды жүргізуге жауапты уәкілетті ұйымға қағаз түрінде және электрондық түрде жібереді. 

      Осы Заңның 35-1-бабына сәйкес әділет органдары электрондық түрде тіркеген нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін уәкілетті ұйымға автоматты түрде жіберіледі. 

      Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне осы Заңның 35-бабына сәйкес оған қол қоюға уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған нормативтік құқықтық акт қағаз түрінде және (немесе) электрондық түрде енгізіледі. 

      4. Алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін құрады, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы