55-бап. Жүк тасымалдауға кедергiлер Теміржол көлігі туралы Заңы
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi немесе экспедиторды олардың кiнәсiнен жүктi тасымалдауға кедергiлер туындағаны (мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың кiдiртуi) және мұндай жүктi одан әрi тасымалдау үшiн басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкiн еместiгi туралы дереу телеграф арқылы немесе өзге де тәсiлмен жүк жөнелтушінi немесе экспедиторды жасалған шартқа сәйкес хабардар етуге мiндеттi.
Жүк жөнелтушi, сондай-ақ экспедитор, егер шартта оған осындай мiндеттемелер жүктелген болса, жүк тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Тасымалдаушы үшiн белгiленген жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi кiдiрткен уақытқа ұзартылады.
3. Экспорттық және импорттық жүктi кiдiрткен уақыты үшiн кiнәлi тұлға тасымалдаушыға - вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы, ал транзиттiк жүктi кiдiрткен уақыты үшiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.
4. Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы тасымалдаушыдан хабарлама алған кезден бастап сегiз тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - төрт тәулiк) iшiнде кідіртілген жүктерге қатысты шара қолданбаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға немесе көлік құралынан жүкті босатуды талап етуге, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы.
Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы