59-бап. Мемлекет меншігіне алу кезіндегі мемлекеттік органдардың функциялары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті іс жүзінде қабылдауға байланысты барлық қажетті іс-қимылдарды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлік туралы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізеді.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекет меншігіне алынған мүліктің меншік иесі құқықтарын жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет меншігіне алынған мүлікті республикалық заңды тұлғаларға бекітіп береді не осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша мемлекет жүз пайызбен қатысатын арнайы құрылған акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеуге береді.
5. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті басқаруды ол осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен берілген кезге дейін жүзеге асырады.
6. Республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген, мемлекет меншігіне алынған мүліктің тиімді пайдаланылуына бақылау жасауды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті берген кезден бастап жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы