Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 59-бап. Мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiнің банктік қарызының ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

59-бап. Мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiнің банктік қарызының ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

59-бап. Мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiнің банктік қарызының ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1.  Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін банк алған кредиттік есебінде оны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде банктің осындай әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруі кезеңінде банктік қарыздар беруіне тыйым салынады. 

      Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін банк алған кредиттік есебінде оны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде банк осындай әскери қызметшіге банктік қарыз берген жағдайда банк мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес және мұндай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның 58-бабының 7-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.  

      2. Банк банктік қарыз шарты бойынша уәкілетті органның осы Заңның 61-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіге мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті. 

      3. Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтер алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдардың және кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      4. Осы бапта белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы