Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 59-бап. Нақтылы ұстаушының функциялары. Нақтылы ұстаушының функцияларын жүзеге асыруға байланысты тыйым салу  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

59-бап. Нақтылы ұстаушының функциялары. Нақтылы ұстаушының функцияларын жүзеге асыруға байланысты тыйым салу  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 59-бап. Нақтылы ұстаушының функциялары. Нақтылы ұстаушының функцияларын жүзеге асыруға байланысты тыйым салу  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы 

    1. Нақтылы ұстаушының функциялары:

      1) клиенттiң бағалы қағаздарын есепке алу және осы бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде олардың болуын қамтамасыз ету;

      2) клиенттiң бағалы қағаздарымен жасаған мәмiлелерiн тiркеу;

      3) клиенттердiң бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растау;

      4) нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде клиенттердiң мүдделерiн бiлдiру;

      4-1) акционерлердің жалпы жиналысында клиенттер атынан сенімхатсыз, сол клиенттерден алынған жазбаша нұсқаулыққа сәйкес, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дауыс беру;

      5) нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты ақпаратты клиенттiң назарына жеткiзу;

      6) нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де функциялар болып табылады.

      2. Нақтылы ұстаушының:

      1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;

      1-1) клиенттің жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өзгерістер енгізуге;

      2) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң бұйрығынсыз бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң тиiстi жазбаша рұқсатынсыз оның ақшасы мен бағалы қағаздарын өз мүддесiне немесе үшiншi тұлғалардың мүддесiне пайдалануына тыйым салынады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында нақтылы ұстаушының:

      1) орталық депозитарийдi;

      2) шетелдiк бағалы қағаздарға немесе осы баптың 1-тармағында белгiленген функцияларды жүзеге асырушы шетелдiк ұйымдарға қатысты өзiнiң нақтылы ұстау қызметiн көрсеткен кезде, кастодиандарды;

      3) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымды қоспағанда, басқа нақтылы ұстаушыға өзiне нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқығы жоқ.

      4. Шетелдік есепке алу ұйымы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған дербес шоттағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға байланысты әрекеттерді осы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқығы бар адамдардан алынған жазбаша нұсқаулықтарға сәйкес сенімхатсыз жасауға құқылы.

      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды төлеу осы эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға шетелдік есепке алу ұйымы арқылы жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы. 

          Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы