6-7-бап. Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы
Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары уәкілетті органның Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай өткiзiледi.
Уәкілетті орган Басқармасының кезектен тыс отырыстары уәкілетті орган Төрағасының немесе Басқарманың екі мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Уәкілетті орган Басқармасының мүшелерi Басқарма отырыстарының тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Уәкілетті орган Басқармасының отырысын – уәкілетті органның Төрағасы, ал ол болмаған кезде оны алмастыратын адам өткiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде уәкілетті органның Басқармасы шешiм қабылдауға құқылы, олардың қатарында уәкілетті органның Төрағасы не оны алмастыратын адам болуға тиiс.
Уәкілетті орган Басқармасының шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда уәкілетті орган Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Уәкілетті органның Төрағасы өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмнен кешiктiрмей қайта талқылау және дауыс беру үшiн қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен растаса, уәкілетті орган Төрағасы шешiмге қол қояды.
Басқарма өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы.
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы