Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 

      1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – аудандық соттар) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының Жоғарғы Сот Төрағасымен және Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады, атауын өзгертеді және таратады.

      Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ауданаралық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін.

      2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      3. Жоғарғы Сот Төрағасы уәкілетті органның ұсынуы негiзiнде Жоғары Сот Кеңесімен келісу бойынша әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын белгiлейдi. 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы