Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 6-бап. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және мемлекет жауапкершілігінің аражігін ажырату.  Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тәуелсіздігі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

6-бап. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және мемлекет жауапкершілігінің аражігін ажырату.  Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тәуелсіздігі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және мемлекет жауапкершілігінің аражігін ажырату.  Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тәуелсіздігі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет те банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бұған банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) мемлекет өзіне осындай жауапкершілік алған жағдайлар кірмейді. 

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банктiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметiне араласуына тыйым салынады. 

      3. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банк көрсетілген қаражатты беру туралы шешім қабылданған күннен бастап және оларды қайтару жөніндегі міндеттемелерді банк толық орындағанға дейінгі кезеңде: 

      1) пайданы бөледі, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шарттар сақталған кезде өз акцияларын кері сатып алуды жүргізеді; 

      2) еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуының болуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан (тіркелген) заңды тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) өзге де инвестицияларды жүзеге асыруға құқылы емес. 

      Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) оны сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап және көрсетілген қаражатты беру жөніндегі міндеттемелерді банк толық орындағанға дейінгі кезеңде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шарттар сақталған кезде олардың банк акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін азайтуға құқылы.  

      Банктің ірі қатысушысы және (немесе) банк холдингі мәртебесін алу үшін қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банктің акцияларына тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін сатып алғысы келетін тұлға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы