⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы

6-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 6-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы 

      1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы негізгі проблемалар мен қатерлер, стратегиялық мақсаттар, негізгі бағыттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер және нәтижелердің көрсеткіштері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында айқындалады. 

      2. Биологиялық қауіпсіздік саласында жедел ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және үйлестірілген шараларды қабылдау биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады. 

      3. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу: 

      1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; 

      2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің рұқсат беру тәртібін енгізу; 

      3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу; 

      4) биологиялық тәуекелдерді басқару; 

      5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторингтеу және болжау (модельдеу) арқылы жүзеге асырылады. 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды және биологиялық қатерлерді болғызбауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы