Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 6-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiктерi  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

6-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiктерi  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiктерi  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы 

       1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күннен бастап оның депозиторларына кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiнде өзiне мiндеттеме қабылдайды.  

      2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері, осы Заңның 21-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл өткен соң және (немесе) кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары осы Заңның 21-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылғаннан кейін тоқтатылуға жатады. 

       Уәкілетті органның қатысушы банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осындай банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.  

       Бұл ретте қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасына азайтылады.  

      Уәкілетті органның қатысушы банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылуына байланысты кепілдік берілген өтемді төлеу жүзеге асырылмаған депозиторлар алдындағы қатысушы банктің міндеттемелері осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген кепілдік берілетін депозит сомасы мен қарсы талаптар сомасын есепке жатқызу нәтижелері ескеріле отырып сақталады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы. 

      Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы