Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 6-бап. Орталықтың аумағындағы салық режимі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

6-бап. Орталықтың аумағындағы салық режимі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Орталықтың аумағындағы салық режимі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 

      1. Осы бапта белгіленген алып қоюларды қоспағанда, Орталықтың аумағындағы салық режимі Салық кодексінде айқындалады.

      2. Орталықтың органдары мен олардың ұйымдары Орталықтың актілерінде айқындалған шарттарды сақтаған кезде корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.

      3. Цифрлық активтер биржасын қоспағанда, Орталық қатысушылары Орталықтың аумағында мынадай қаржылық қызметтерді көрсетуден алған кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады:

      1) ислам банкінің банктік қызметтерін көрсету;

      2) қайта сақтандыру қызметтерін көрсету және сақтандыру брокерлік қызметтерін көрсету;

      3) инвестициялық қорлардың активтерін инвестициялық басқару, оларды есепке алу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналымға жіберуді, сатып алуды және өтеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету;

      4) брокерлік және (немесе) дилерлік, андеррайтингтік қызметтерді көрсету;

      5) Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалатын басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

      4. Орталық қатысушылары Орталықтың органдарына, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушыларына көрсетілетін заңдық, аудиторлық, бухгалтерлік, консалтингтік қызметтерді көрсетуден алған кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.

      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының мақсаттары үшін корпоративтік табыс салығынан босатылуға жататын және салық салуға жататын кірістердің, сондай-ақ шегерімге жатқызылатын шығыстардың бөлек есебін жүргізу тәртібі Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалады.

      6. Орталық қатысушысының немесе органының жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушысымен немесе Орталықтың органымен жасалған еңбек шарты бойынша Орталықтағы қызметтен түсетін кірістері бойынша жеке табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.

      7. Жеке және заңды тұлғалар:

      1) өткізу күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен;

      2) Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың акцияларын немесе Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен;

      3) осындай дивидендтерді немесе сыйақыларды есепке жазу күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар түрінде;

      4) Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың акциялары бойынша немесе Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері бойынша дивидендтер түрінде;

      5) егер жеке тұлғалар Орталықтың инвестициялық резиденттері болып табылса және Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті деп танылса, Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден түсетін кірістері бойынша жеке және корпоративтік табыс салықтарын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.

      Осы тармақшаны қолдану мақсатында Орталықтың инвестициялық резиденті Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде бюджетке міндетті төлем төлейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдану мақсаты үшін қор биржасының ресми тізімдеріндегі бағалы қағаздар деп Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес айқындалған бағалы қағаздар түсініледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережелері Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалған өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттығы жүзеге асырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтерге қолданылады.

      8. Орталықтың органдары және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушылары Орталықтың аумағында орналасқан объектілер бойынша мүлік салығын және жер салығын төлеуден босатылады.

      8-1. Мыналар:

      1) Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде бюджет қаражатын алуы;

      2) Орталық органдарының бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған ақшаны Орталық әкімшілігінен алуы қосылған құн салығы салынатын өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

      8-2. Орталық қатысушыларының осы баптың 3-тармағында көзделген көрсететін қызметтері қосылған құн салығынан босатылады.

      8-3. Қазақстан Республикасы өткізу орны деп танылатын, бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер, егер жұмыстар мен қызметтер Орталықтың органдарына және (немесе) олардың ұйымдарына орындалса және көрсетілсе, бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.

      9. Салықтық әкімшілендіру және Орталықтың органдарына және қатысушыларына салық салу мәселелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының Орталықтың органдарымен және қатысушыларымен өзара іс-қимылы Орталық органдарының және мемлекеттік кіріс органдарының бірлескен актілерінде айқындалады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы