6-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
1-1. Егер қарыз алушы жеке тұлға жүргізген төлем сомасы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болса, көрсетілген сома қарыз алушы жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұлдар);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыштың сомасы;
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
6) микроқаржы ұйымдарының орындауды алу бойынша шығасылары.
Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард жасасатын микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.
2. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Жеке тұлғамен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдардың) мөлшері мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні ішінде мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін мерзімі өткізіп алынған төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға тиіс, бірақ микрокредит беру туралы шарт қолданылатын әрбір жылға берілген микрокредит сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы