60-2-бап. Цифрландыру саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі Киберқауіпсіздік туралы Заңы
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай, цифрлық жүйелерді, ашық дереккөздерді, бұқаралық ақпарат құралдарын талдаудың және олардың деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.
2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, оларды жою туралы ұсыным жасалады.
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.
6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
8. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне енгізуге алып келеді.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы